Мияның ертегі әлеміне саяхат жасайық!
«Мияның ертегі әлемі» мультхикаясы - ертегіге құштар Мия туралы. Хикаяда оның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.
Мия - Флоренция қаласында тұрады. Ол - озық үлгідегі мектептің оқушысы.
Мұндай мүмкіндікке балалардың көбі қуанып жатады. Ал, Мияның әлемі мүлде бөлек. Онда бәрі - басқаша.
Мияға ата-анасы ерекше сыйлық қалдырады. Ол - «Центопия әлемі» атты кітап пен сиқырлы білезік.
Сиқырлы білезікке «Мен - Миямын» жасырын сөзін айтса, ертегі әлеміне апарады. Центопия әлемінде Мия ұша алатын періге айналады.
Онда аңыздағы пан және қанатты атпен танысады. Пырақтың аты – Лирия.
Миямен бірге ертегі әлеміне саяхат жасайық! Мультхикая бүгін сағат 16:30 және 21:45-те эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02