Басты Жаңалықтар Балаларды суда жүзуге үйретудің пайдасы (ВИДЕО)

Балаларды суда жүзуге үйретудің пайдасы (ВИДЕО)

Балаларды суда жүзуге үйретудің пайдасы (ВИДЕО)

Мамандар суда шомылу, жүзу, су ішіндегі ойындар балаға өте пайдалы екенін айтады. Сәбилерді суға туғанына екі апта толған кезден бастап үйрете беруге болады.

Есте сақтар қағида: баланы шомылуға баулымас бұрын алдымен ата-аналарды психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Жаттығуларды анасының бойында қорқыныш басылған соң ғана бастау керек. Себебі, анасының қорқып тұрғанын сезген бала суға үйрене алмайды.

Бір жасқа толған сәбилер  суға кірген соң нұсқаушысы айтқан түрлі жаттығуларды орындай алады. Бұл бала денсаулығының шыңдалуына және жүйке тамырының нығаюына септігін тигізеді. Жаттығу 45 минутқа дейін созылады.

Суда шомылу баланың дене құрылысының ерте жетілуін, мойны мен белін дұрыс ұстауын қалыптастырады. Сондай-ақ, шомылу кезінде бала аяқтарының ешқандай тіреусіз жұмыс істеуі майтабан ауруына шалдығудан сақтайды.

Толығырақ «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасынан көре аласыздар. 

Бөлісу