«Шытырманның» асуларынан бірге өтейік!

Жүйрік болсаң, озып көр! «Шытырман» алаңында спортшы балақайлар сайысқа түседі.
Әр хабарға 3 бала қатысып, өзара үздікті анықтайды. Сайыста олардың шапшаңдығымен қатар, білімі де сыналады.
Яғни, қатысушылар түрлі кедергілерден сүрінбей өтіп, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берулері керек.
Сайыстың алғашқы кезеңі – «Жартас» деп аталады. Ойыншы бір жарым метрлік биіктікке тез өрмелеп қана қоймай, өзінің ептілігін көрсете білуі тиіс. Неғұрлым тез өрмелеп шықса, келесі кедергіні бағындыруға өтеді.
II кезең – «Аспалы көпір». Мұнда қатысушының мақсаты – көпірдің соңына дейін құламай өту.
IIІ кезең – «Айналы бөлме». Ойыншы қойылған сұрақтарға иә не жоқ деп жауап беру керек. Егер ол 4 сұраққа да дұрыс жауап бере алмаса, төмен құлайды.
IV кезең – «Қауіпті сырғанау». Бұл кедергіде ойыншы құлама еңістен самокатпен түседі. Қатысушы жолдағы кедергілерге тиіп кетпей, межеге жетуі тиіс.
IV кезең – «Лазер бөлмесі». Арнайы бөлмеге лазер сәулелері қойылған. Ойыншы сәулелерге тиіп кетпей, бөлменің соңына дейін жетуі керек. Егер ол лазерге тиіп кетсе, дабыл қағылады.
Сан түрлі кедергіден тұратын «Шытырман» хабарын өткізіп алма. Бағдарлама бүгін сағат 11:45-те эфирге шығады.