Қазақстандық шахматшы Назерке Нұрғали Азия чемпионатында қола медаль ұтып алды
Үстіміздегі жылдың 3-11 тамызы аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 8, 10, 12, 14, 16, 18 жастағы шахматшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 16 мемлекеттің спортшылары қатысты.
Қазақстаннан 12 спортшы бақ сынап, жалғыз медальді қызылордалық Назерке Нұрғали еншіледі.
12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен Назерке швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турда 6 ұпай жинаған.
Айта кетейік, Назерке Нұрғали 16-28 тамыз күндері Алматыда өтетін Қазақстан Кубогының 4-ші кезеңіне қатысып, шеберлігін шыңдайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02