«Сиқырлы кітаптар». Ахмет Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңі (ВИДЕО)
Ахмет Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңі
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған.
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ дауысы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ дауысы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
«Сиқырлы кітаптар». Ахмет Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02