Баскетболшылар әні мен сөзі (ОНЛАЙН ТЫҢДАУ)

Баскетболшылар әнінің сөзі
Жиналыңдар, жанкүйерлер,
Бұл ойында нағыз шеберлер.
Қәне, біздің топты қолдап,
Қолдарыңды жоғары көтер!
«Үздік бестік» бұл алаңда,
Қарсыластар, тез тараңдар!
Алға, тек алға ұмтылады,
«Үздік бестік» тобы.
Егер біз алаңға шықсақ,
Ешкімге бермейміз допты.
Жердің тартылыс заңына,
Бағынбай секіреміз.
Қорғаныс пен шабуылды,
Жоғары деңгейде көрсетеміз.
Біздің топты жеңу оңай емес,
Сондықтан қалыспа, досым!
«Үздік бестік» - ең жылдам,
Тағы да біздер оздық.
Әрқашан алдамыз,
Допты дәлдеп саламыз.
Ұпай жинаймыз да,
Әрі жалғастырамыз ойынды.
Бұл - біздің ең үздік топ,
Қарсыласқа BLOCKSHOT!
Баскетболшылар әнін онлайн тыңдау
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00