Алматыда көлемі жағынан еліміз бойынша ең үлкен мектеп ашылды
Бүгін Алматы қаласында химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Бұл - көлемі жағынан еліміз бойынша ең үлкен мектеп.
Зияткерлік мектебі 960 оқушыға арналып салынған. 9 блоктан тұратын нысанда соңғы үлгідегі мектеп жабдықтарымен жабдықталған 70 оқу сыныбы мен 25 зертхана орналасқан.
Дәстүрлі оқу қабинеттері мен зертханалардан басқа, интеграция, техникалық үлгілеу, нано және биотехнологиялар мен жеке жұмыс жүргізу кабинеттері бар.
Мектеп телестудиясы оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Салтанатты рәсімге белгілі ғалымдар, саясат және қоғам қайраткерлері, педагогтер, оқушылар және ата-аналар қауымы қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02