22 қазан 2018 жыл

Қазақтың тұғыш профессор-математигі – Әлімхан Ермеков

Әлімхан өз заманының зиялысы әкесі Әбу секілді абыройлы азамат болуды өзіне мақсат тұтты. Сондықтан, ол білімге қол созып, Қарқаралыдағы қалалық училищеге түседі, бұдан кейін Семей ерлер гимназиясында оқиды. Томск институтына оқуға түседі. Ағылшын, француз, италян тілдерін меңгереді.

Орыс ғалымы Потанин «Сенің білмің – қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт» деген.

«Қазақ» газетінде ол туралы «Әлімхан – білімді, өткір. Ол қазаққа қызмет етуді өзіне борыш санайды» деп жазған.

Ол Алаш зиялыларымен жақсы қарым-қатынас құрды. Алғашқы саяси қызметін Алашорда үкіметінің премьер-министрінің орынбасары болудан бастады. Келіссөздер жүргізудің хас шебері болды.

Алаш зиялыларын қуғындау Әлімханды да айналып өтпеді. 18 жыл тергеу мен абақтыда болған ол қалған өмірін ғылым-білімге арнады.

Әлімхан саяси еңбегінен бөлек Қарқаралыда мектеп ашып, математика оқулығын жасады. Ол қазақтан шыққан тұңғыш математика ғылымының профессоры атағына ие болды.

1920 жылы Мәскеуде өткен Халық Комиссарлары кеңесінде уыстан шығып бара жатқан Каспий жерлерін қайтару мәселесін көтерді.

Ол өз баяндамасында қазақ жерін сақтап қалуды қолдады.

Бүгінде ғалым құрметіне Қарағандыдан ескерткіш қойылып, көше, сондай-ақ, үлкен кітапхана аты берілді.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!