18 қазан 2018 жыл

Күйші Құрманғазы

Күйші Құрманғазының есімі қазақ өнерінде алтын әріптермен жазылған. Оның өмір сүрген кезеңі қазақ халқының алмағайып кезеңімен тап келеді.

Бұрыннан қалыптасқан көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа бұру ұлт-азаттық қозғалысына әкелген еді. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске Құрманғазы қатысты деген дерек жоқ.

Алайда ол Махамбетке арнап, «Кішкентай» күйін шығарады. Бұл оның алғашқы тырнақалды туындысы болды. Бұдан кейін «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» күйлерін шығарады. Оның «Бұлбұл», «Адай» деген күйлері де бар. «Адай» күйін аталмыш көтеріліс кезіндегі халықтың ерлігіне арнаған деседі.

Құрманғазының артында көп шәкірттері қалды: Дина Нұрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов.

Осы күнге Құрманғазының 60-қа жуық күйі жеткен.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!