13 қыркүйек 2018 жыл

Мысыр сұлтаны – Бейбарыс

Бала Бейбарыс Қыпшақ даласында Моңғол шапқыншылығы кезінде тұтқынға түсіп, Сириядағы Дамаск қаласына құл  базарға жіберіледі.

Екінші қожайыны Айтекен әмір оған шәкірт ретінде қарап, соғыс өнерін үйретеді.

Оның жауынгерлік айбынын байқаған Аюб сұлтан түрік және кавказ ұлтының құлдарынан құралған мәмлүктер әскеріне алады.

Бейбарыстың басқаруында болған мәмлүктер Египеттегі Мансур қаласында болған кресшілер жорығында жеңіске жетіп, француз королі ІХ Людовикті қолға түсіреді.

Әміршісі өлтірілгеннен кейін қожайынсыз қалған Бейбарыс жақтастарымен бірге бірнеше жыл қашқында жүреді.

Мысыр Сұлтаны Құтыз Бейбарысты ел билігіне араласуға шақырып, әскер қолбасшылығына тағайындайды.

Соғыс өнерін жетік меңгерген ол үлкен жорықтарда жеңіске жетіп, атақ-абыройы арта түседі.

Жарты әлемді жаулаған моңғолдар Сирия мен Иракты басып алған соң, Мысыр жеріне көз салады. Бейбарыс шапқыншылықты күтпей, әскерімен бірге моңғолдарға қарсы аттанады. Олар Палестина жерінде кездеседі. Алапат соғыста Бейбарыс әскері Кетбұға батырдың әскерін тас-талқан етіп жеңеді. Бейбарыс жеңілмейтін моңғол әскерін жеңгеннен кейін аты әлемге жайылады. Жеңістен кейін Құтыз оған «Алеппо аймағын беремін» деген уәдесінен тайып кетеді.  Бейбарыс мұны қорлау деп түсініп, Құтызды тақтан тайдырады.

Осыдан бастап Бейбарыс 17 жыл Мысырды билейді.

 Қаншама заман өтсе де Бейбарыс сұлтанның құлдықтан қайраткерлікке дейінгі ғұмыры ұмытылмай келеді.

Ол айбарлы мемлекеттің патшасы бола тұра, туған жерін сағынды. Дешті Қыпшақтан келген саудагерлерге жусан алдырып, туған жерінің иісін аңсайтын.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!