01 маусым 2018 жыл

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Досым, сен 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні өткізіле бастағанын білесің бе? 


1945 жылдың желтоқсанында Парижде өткен Халықаралық әйелдердің бірінші конгресінде балалардың өмірін бақытты да баянды етуге барлық жағдай жасалуы керектігі айтылып ант беріледі. 


Сонымен, 1949 жылы Балаларды қорғау күні толығымен нақтыланады да Біріккен Ұлттар Ұйымы аталған бастаманы дер кезінде қолдай түседі. 


Содан бастап 1950 жылдың 1 маусымында алғаш рет «Халықаралық балаларды қорғау» күні аталып өтті.  Дәл осы жылы 51 мемлекет осы күнді мереке ретінде тойлай бастаған. Балақай, әр 2 секунд сайын 1 сәби өмір есігін ашып, күніне орташа есеппен 370720 бала дүниеге келеді екен.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!