19 наурыз 2018 жыл

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қай елдерде аталып өтеді?

22 наурыз Ұлыстың ұлы күнін қай елдер атап өтетінін білесіңдер ме? 
Ұлық мерекені тек қазақ халқы ғана емес, сонымен бірге, Орта Азия мен түркітілдес өзге елдер де тойлайды екен. Әр елдің өз салты мен дәстүрі бар.

 

Мәселен, Түрікменстан жұрты ескі жылда атқарылуға тиісті жұмысты жаңа жылға қалдырмауға барын салады екен.

 

Әзірбайжандықтардың салты ирандықтардың дәстүріне ұқсас. Жаңа жыл кірмес бұрын ирандықтар жасамық, бидай сынды дәнді дақылдарды өсіріп, олардың өскінімен үйлерін әсемдейді. Бұл - үйден тоқшылық кетпесін дегені.

 

Өзбекстанда Наурыз мерекесі ұзаққа созылады. Өзбек жұрты 13 күн бойы туған-туыстарын аралап той тойлайды.

 

Ал, тәжіктер ұлттық тағамы сімәнатты әзірлеп, мейрамды наурыздың 21-і мен 24-і аралығында атап өтеді екен.

 

Қырғыз ағайындар да бұл күні Наурыз көже пісіріп, туыс –туғанның басын қосып, мәре-сәре болады екен.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!