Наурызбай батыр туралы мультфильмді ұсынамыз
«Балапан» телеарнасы «Батырлар» мульттоптамасының Наурызбай батыр туралы алғашқы бөлімін ұсынады. Мультфильмде батырдың елді жаудан қалай қорғағаны баяндалады.
3D форматындағы анимациялық мультфильм «Motion Capture» технологиясы негізінде әзірленген. Мұндай анимациялық фильм Қазақстанда тұңғыш рет түсірілді.
Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы - аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі. Ол - XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы соғысына қатысқан.
Наурызбай батырдың ерлігі туралы «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін «Батырлар» мульттоптамасынан біле аласыңдар. Мультфильм бүгін сағат 10:05, 15:55 және 20:15-те эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02