01 наурыз 2018 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы не білесіңдер?

Достым, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саясаты мен қоғамдық өмірінде қандай маңызды рөл атқаратынын білесің бе?
Еліміздің Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. Ал, 1995 жылы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік кеңесші органда бекіткен Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты. 2008 жылы 20 қаңтарда еліміздің Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп ол, еліміздің саяси жүйесінің  толыққанды бөлігіне айналды. Сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясын тұңғыш Президентіміз өмір бойы басқару құқығына ие. Қазіргі уақытта ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!