15 ақпан 2018 жыл

Субұрқақтың шығу тарихы

Достар, субұрқақ сөзі латын тілінен аударғанда «қайнаркөз» немесе  «бұлақ» деген мағынаны білдіреді екен.  Яғни, субұрқақ табиғатта да кездеседі. Олар гейзерлер, жер астынан атқылап жататын бұлақтар. Оның себебі су жер бетіне қысыммен шығады. Алғашқы субұрқақтар да сондай болған. Адамдар табиғи қайнарды тастармен барынша әдемілеп қойған. Кейіннен жасанды субұрқақтар жасау қолға алынған.

Алғаш субұрқақты көне Рим сәулетшілері ойлап тапқан. Олар қысыммен су берілетін құбырлар жасап, су ағынын күйдірілген қыш немесе бетоннан жасалған құбырлармен ағызған. Субұрқақтарды сәндік үшін пайдаланған. Оларды аулаларда, сарайларда орналастырған.


Ал, әлемдегі ең үлкен субұрқақ жайлы не білесіңдер? Ол қайда орналасқан? 
Әлемдегі ең үлкен субұрқақ 2009 жылдың 8 мамырында Дубай қаласында ашылған. Дубайдағы субұрқақ бір мезгілде би билеп, ән айтады. Осы ғажайып туынды іске қосылғалы бері қалаға миллиондаған турист келіпті. Субұрқақ адам сенгісіз әдемі пішіндер мен мүсіндерді жасай отырып, суды 150 м биіктікке дейін көтереді екен.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!