Басты Жаңалықтар 9 қарашадан бастап «Менің ғажайып ертегім» жобасы эфирге шығады (ВИДЕО)

9 қарашадан бастап «Менің ғажайып ертегім» жобасы эфирге шығады (ВИДЕО)

9 қарашадан бастап «Менің ғажайып ертегім» жобасы эфирге шығады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы «Менің ғажайып ертегім» жобасын ұсынады.  9 қарашадан бастап, кішкентай көрермендер «Айжұлдыздан» кейін жаңа ертегі тыңдай алады.  

Ата-аналар жазған ертегіні эстрада жұлдыздары оқып, ал кішкентай балалар оқиға желісі бойынша қойылым көрсетеді.

«Менің ғажайып ертегім» кітабымен батырлар еліне, сиқыршылар жеріне, айдаһарлар аралына, таңғажайып әлемге саяхат жасайық!

Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойына орай, ата-аналар арасында  «Менің сүйікті ертегім» атты ертегілер  байқауын жариялаған болатын. Сайыста үздік  деп танылған шығармалар «Менің ғажайып ертегім» жинағына енгізілді.

Ертегілер жинағын кітап дүкендерінен таба аласыңдар.

Жинаққа енген ертегілер туралы мына жерден білуге болады.  

Бөлісу