06 ақпан 2018 жыл

Ғаламтор желісі туралы не білесіңдер? (Видео)

Бізге ғаламтор әрқашан болған сияқты көрінеді. Достармен ғаламтор арқылы сөйлесе алмайтын, электрондық пошта арқылы хат жібере алмайтын уақыттың болғанын көзге елестетудің өзі қиын. Бірақ, мұндай уақыттың болғаны рас. Алдымен ғаламтор дегеннің не екенін біліп алайық. 
Ғаламтор тарихы өте қызық. Бұл  - әлемдік кеңістік.  Ол әлемдегі компьютерлер желісін жалғап тұр. Ал, ең алғашқы веб-сайт 25 жыл бұрын пайда болған. Ең қызығы ғаламтордың иесі жоқ. Ол ешкімге тәуелді емес. 
Ғаламторды кім не үшін ойлап тапқан ? 
1957 жылы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі қашықтықта орналасқан екі компьютерді бір-бірімен байланыстыру амалын іздеген. Зерттеудің негізін қалаған доктор Джозеф Ликлайдер. Бірақ, Ликлайдерге бұрын-соңды болмаған байланыс құралын жасап шығару оңайға соқпаған. Ол көп және ұзақ еңбек етті.Нәтижесінде алғаш рет үлкен қашықтықтағы екі компьютер бір-бірімен 1969 жылы 29 қазанда байланысқа шықты.  Бұл оқиға АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орын алды. Міне, осылай ғаламтор желісі қолданысқа енді. 
Сендер білесіңдер ме? 1971 жылы ғаламтор тұтынушыларының саны небәрі жиырма үш-ақ болған екен. Ғаламторды қолдануға ыңғайлы еткен Тимоти Джон Бернерс-Ли деген ғалым екен. 1984 жылы ғаламтор пайдаланушының саны әлем бойынша бар-жоғы 1000 адам ғана болса, 5 жылдан кейін бұл көрсеткіш жүз мыңға жеткен екен. Ал қазіргі таңда ғаламторды әлемде ондаған миллион адам пайдаланып отыр.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!