«Балапанда» - «Түлкі мен ит» мультфильмі (ВИДЕО)
«Балапан» телеарнасы «Walt Disney» компаниясы ұсынған «Түлкі мен ит» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасын ұсынады. Туынды түлкі мен иттің кішкентай кезінен басталған ерекше достығы туралы.
Жәудірдің анасын аңшылар атып әкетеді. Мұны көрген үкі түлкінің баласын орманға жақын маңдағы фермаға әкеледі. Ферма иесі Твид кішкентай жәудірді бір көргеннен ұнатып қалады. Твид оны Тод деп атайды.
Бірде оған көршілері аң аулайтын иттің Коппер есімді күшігін береді. Жәудір Тод пен күшік Коппердің достығы осылай басталады.
Ал, есейгенде олардың достығы сақтала ма? Мұны бүгін сағат 21:15-те эфирге шығатын «Түлкі мен ит» мультфильмінен біле аласыңдар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02