«Үздік педагог - 2019» республикалық байқауы өтті
Кеше «Үздік педагог - 2019» республикалық конкурсы қалалық кезеңінің III қорытынды туры Оқушылар сарайында өтті. Қатысушылар: мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері. Бүгінгі III қорытынды турға (ішкі) сырттай екі турдан өтіп, ең үздік нәтижелерді көрсеткен 8 конкурсант қатысты. Финалистер көрермендерге «Менің кәсіби ұстанымым» өзін-өзі таныстырылымын ұсынып, педагогикалық жағдаяттарды шешу жолдарын көрсетті. Конкурс нәтижелері бойынша «Әдіскер педагог», «Зерттеуші педагог», «Эрудит педагог», «Жаңашыл педагог» номинациялары бойынша лауреаттар анықталады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыЖекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34