Басты Жаңалықтар «Микки маус клубы» мультхикаясы туралы байқаудың алғашқы жеңімпазы анықталды

«Микки маус клубы» мультхикаясы туралы байқаудың алғашқы жеңімпазы анықталды

«Микки маус клубы» мультхикаясы туралы байқаудың алғашқы жеңімпазы анықталды

«Балапан» телеарнасы «Микки маус клубы» мультхикаясы бойынша өтіп жатқан байқаудың  бірінші күнін қорытындылады.

Алғашқы жеңімпаз - Ақсындар есімді қатысушы. Ол 15 сұрақтың бәріне дұрыс әрі жылдам жауап берген. Жеңімпазға Миккиден сыйлық беріледі.

Ақсындар ойын барысында телефоны немесе поштасын көрсетпегендіктен, ұйымдастырушыларға хабарласуын сұраймыз. Байланыс телефоны: +7 (7172) 55 38 03.

Айта кетейік,  сайыс 10 қарашаға дейін жалғасады.  Ереже бойынша телеарна сайтында күн сайын «Микки Маус клубы» мультхикаясы  туралы 15 сұрақ жарияланады.

Ойынға қатысушылар берілген сұрақтарға дұрыс әрі  жылдам жауап беруі керек. Әр күннің жеңімпазы анықталып, оларға Миккиден сыйлық беріледі.

Бөлісу