24 қаңтар 2019 жыл

«Жұлдызым» бағдарламасының кейіпкері, жас өнертапқыш Абзал Мырзаш Жастар жылының ашылу салтанатында өзінің екі ірі жобасын таныстырды

Кеше Елордамызда Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. 
Сол ауқымды іс-шарада біздің «Жұлдызым» бағдарламасының кейіпкері, жас өнертапқыш Абзал Мырзаш Елбасының алдында сөз сөйлеп, өзінің екі ірі жобасын таныстырды.

Алғашқысы - әлемнің кез келген жерінен компьютердің стандартты ағылшын пернетақтасын (клавиатурасын) пайдаланып, қазақша жазуға мүмкіндік беретін қазақ-латын әліпбиі болса, екіншісі - кириллицадан латын қарпіне аударатын конвертер бағдарлама. 
Бұл бағдарлама арқылы кириллицадан латын графикасына 1 минутта 1200-ден астам кітап аударуға болады екен.

13 жасар Абзал қазір Қазақ-Британ техникалық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті. Кейіпкеріміз «Болашақта АҚШ-тағы Массачусетс технология институтының магистратурасына оқуға түсіп, ақпараттық технология саласы мен нанотехнология саласын жетік меңгеріп, Қазақстанға оралып, елімнің ғылым саласына үлесімді қосамын», - дейді.
«Жұлдызым» бағдарламасына берген сұхбаттың толық нұсқасын сайтымыздан тамашалай аласыңдар.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!