Басты Жаңалықтар «Балапан» телеарнасы «Қазыналы ғаламшар» мультфильмін ұсынады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы «Қазыналы ғаламшар» мультфильмін ұсынады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы «Қазыналы ғаламшар» мультфильмін ұсынады (ВИДЕО)

Шатырда отырған16 жастағы Джим ғарышқа ұшатын кеменің апатқа ұшырағанын көреді. Сөйтіп, ол ажал аузында жатқан өзге ғаламшарлық қарақшы Билли Бонсты құтқарады.  

Апаттан  ауыр  жарақат  алған қарақшы қайтыс болады. Алайда ол Джимге құлыпталған сандықшаны табыстап үлгереді.  

Сандықта  орамалға оралған түсініксіз кішкентай шар жатады. Бірер сәттен соң оған қарақшылар шабуыл жасайды.

Джим отбасылық достары дәрігер Дэлберт Доплердің үйіне жасырынады. Ол жерде белгісіз әдіспен шарды ашып көреді. Бір кезде қазыналы ғаламшарға жол көрсететін голографиялық карта пайда болады.

Осылайша Джим мен дәрігер Дэлберт сапарға аттанады.

Олар қарақшыларға тойтарыс бере ала ма? Мұны сенбі күні сағат 21:15-те эфирге шығатын «Қазыналы ғаламшар» мультфильмінен біле аласыңдар!

Бөлісу