15 қаңтар 2019 жыл

«Aidar» мультхикаясының саундтрегі

Балалар, «Aidar» мультхикаясының саундтрегі «Тамыр» әнінің сөзін жаттап алыңдар. 
Сөзін жазған: Әннәс Бағдат 
Әнін жазған: Ғалымжан Секеев 
Орындаған: Ерзат Рамазанов

Жер мен Көктің арасы, 
Ой мен Рухтың панасы,
Ауаға сіңген уақыт -
Өткен мен Бүгін санасы.

Күн мен Жұлдыз жарығы, 
Гүл мен Күлдің тағдыры. 
Топыраққа байлаған, 
Тіршіліктің тамыры.

Қ-сы:
Шақамайды Гүл үшін, 
Табиғаттың ырысын. 
Сегіз қырлы, бір сырлы, 
Адам - Ардың тынысы.

Дала мен Қала іргесі-
Шығыс пен Батыс үндесіп.
Жаңбыр мен Жел тілдесіп, 
Мөлдіреп тұнар Гүлге шық.

Ақ пен Қара, Жалған-Шын, 
Таласқанда арбасып,
Сыбдырлайды жапырақ,
Сыбырлайды Жан даусы.

Қ-сы:
Шақамасын Гүл үшін, 
Табиғаттың ырысын. 
Сегіз қырлы, бір сырлы, 
Адам - Ардың тынысы.
Әннің толық нұсқасын біздің «YouTubе»-тегі арнамыздан жүктеп алуға болады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!