Кеше «balapan» арнасының ұжымы Астана қаласынан бастау алған үш бірдей жаңа мультфильмнің тұсаукесер көрсетілімін алматылықтарға да көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, дәл сол күні «Айдар», «Ертемір», «Дала ойындары» атты төл туындыларымыздың алғашқы бөлімдері эфирге шығып, көрерменге жол тартқан болатын.
Бұл жобалар қазақ анимациясының бүгінгі бет-бейнесін, сапалы дүниелерді жарыққа шығаруға мүмкіндіктері бар екенін дәлелдейді. Бір-біріне ұқсамайтын үшеуі де бір мақсатты көздейді. Балаларды жақсылыққа тәрбиелейді.
Қиялы ұшқыр, ойы жүйрік бүгінгі жас ұрпақ талғамына сай жасалған жаңа қаһармандарымызды жылы ықыласпен қабылдауда.
Енді біздің кішкентай көрермендеріміз өз супер қаһармандарына еліктеп, Ертемір сияқты мықты, Айдардай алғыр, Әмірдей білімді болып өсеріне бек сеніміз мол.