05 қыркүйек 2018 жыл

Бүгін - қазақтың маңдайына біткен алып тұлғасы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін - қазақтың маңдайына біткен алып тұлғасы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың маңдайына біткен алып тұлғасы, алаш қайраткері.  Ол – ақын, педагог, әдебиеттанушы, аудармашы.  


1872 жылы 5 қыркүйекте  Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл (Сарытүбек) ауылында дүние есігін ашқан. Дәл бүгін Ахмет атаның дүние есігін ашқанына 146 жыл толып отыр. 


Оның «Қырық мысал» атты алғашқы кітабы 1909 жылы жарыққа шықты. Ахаңның арманы қазақ ұлтының білімді, құқығы қорғалған, алдыңғы қатарлы ұлтардың бірі болуы. Ол осы мақсатын орындау үшін қазақ балаларын оқытқан. Тіпті, балалар, ол қазақ балаларына арнап, «Оқу құралы» атты кітап та шығарған.


Сонымен бірге Ахаң газет арқылы туған халқының көкжиегін кеңейткісі келген. Ол өз сөзінде «газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп айтып кеткендей, қазақ халқының жер жүзінде болып жатқан жаңалықтан хабардар болуы үшін «Қазақ» газетін шығарған.  Cол газетте Ахмет атамыздың танымдық мақалалары мен қазақ халқына арналған оятушылық сипаттағы туындылары жарық көрді.


Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиетінің реформаторы ретінде де көп еңбек сіңірген. Балалар, сендер білесіңдер ме, қазақ әдебиетіндегі көп терминдердің қазақша баламасын жасаған Ахмет аталарың. Оның «Әдебиет танытқыш» атты кітабынан қазақ әдебиетіндегі көп терминдер мен олардың анықтамаларын көре аласыңдар. 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!