30 тамыз 2018 жыл

Бүгін - 30 тамыз Конституция күні

Бүгін - 30 тамыз Конституция күні

Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды.  Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.  Конституция  «Жалпы ережелер»,  «Адам және азамат»,  «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Соттар және сот төрелігі», « Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару»,  « Қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімдерінен тұрады. 

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. 

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды.  
 

1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса,1995 жылы қабылданған Конститутция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға 1998, 2007, 2011 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!