30 қазан 2015 жыл

Павлодарлық оқушылар түнде телескоп арқылы ғарышты зерттейді

Павлодарлық оқушылар түнде телескоп арқылы ғарышты зерттейді

Павлодар қаласының М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы түнгі уақытта да жұмыс істейтін болды.

Жұлдызсанаушылар биылғы жылы ашылған «Антарес» клубының жас әуесқойларына аспан әлемін бақылауға көмектеседі.

«Аталмыш клубқа алты топтан 12-18 жас аралығындағы 72 оқушы келеді. Жас өрендермен кәсіби маман, астроном-бақылаушы Виталий Радченко жұмыс істейді.  Ол алты жасынан астрономиямен әуестене бастаған. Виталий Радченко  астрономияны зерттеу барысында сегіз телескоп ауыстырды. Сондай-ақ, оның коллекциясында өз қолымен жасаған телескобы бар. «Антарес» клубының жас әуесқойлары телескоптармен танысып, оның шыны әйнегі арқылы астрономиялық құбылыстарды бақылай алады», - дейді облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Балжан Әділханова.

 

pavlodarnews.kz

ФОТО: do.ngs.ru

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!