07 мамыр 2018 жыл

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні

Бұл мереке тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін айтулы күн.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-нің мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылған болатын.  Кейін 1992 жылдың 7 мамырында республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты Қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылып, бұл күн «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. 


Елбасымыздың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 


Егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!