01 мамыр 2018 жыл

1 мамыр - Қазақстан халқының ынтымақ пен бірлік күні

1 мамыр - Қазақстан халқының ынтымақ пен бірлік күні

Бүгін - Қазақстанда жыл сайын тойланатын ерекше мереке  - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлік күні. 
Атаулы мереке 1996 жылдан бастап аталып өтеді.  «Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны  ерек. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. 
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетеді.  Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!