«balapan» телеарнасы 13-наурызда жаңа маусым бойынша таныстырылым өткізеді
2018 жылдың 13-наурызында «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» телеарнасының жаңа маусымының таныстырылымы өтеді. Шара сағат 14:00-де 21-қабаттағы конференция залында өтеді.
«balapan» арнасы 15 наурыздан бастап көрермен назарына 8 жаңа жоба ұсынады. Атап айтқанда, көктемгі маусымда телеарна контенті ғылыми-танымдық, ақпараттық, отбасылық бағдарламалармен және тікелей эфирдегі ток-шоу секілді ішкі өнімдермен толықпақ.
Сонымен қатар, «balapan» тарихында тұңғыш рет ата-аналарға арналған бағдарламаның тұсауы кесіледі.
Таныстырылымға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, журналистер мен олардың балалары – арнамыздың көрермендері қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыЖекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34