Қыс мезгілі ең суық мезгілдердің бірі. Осы мезгілде тек үлкендер ғана емес, сонымен қатар кішкентай балалар да өкпе қабынуы (пневмония) ауруына шалдығып жатады. Жалпы, бұл ауру қалай пайда болады?
Көбіне пневмония вирустардың әсерінен пайда болып, кейбір жағдайда сол аурумен ауыратын адам түшкіру кезінде қасында отырған сау адамның өкпесіне бактериялар мен микроорганизмдер жұқтыру арқылы өкпенің инфекциялық қабынуын таратады екен.
Ал, балалар арасында бұл аурудың алғашқы белгілері жас ерекшелігіне қарай және аурудың пайда болу себебіне байланысты әр түрлі болып келеді. Соған байланысты ең көп таралған белгілерін атап өтейік.
Егер де балаңыздың дене қызуы көтеріліп, қалтырап, тоңғанын, жөтеліп, мұрыны толып, тыныс алуы қиындап, тәбетінің болмай отырғанын, мазасызданып тұрғанын байқасаңыз, дереу емханаға барып, дәрігерге қаралып, аурудың алдын алыңыз. Сонымен қатар, 2 айға дейінгі балалардың тыныс алуы минутына 60 рет; 2 айдан 1 жасқа дейін минутына 50 рет; 1 жастан жоғары минутына 40 рет тыныс алса, бұл ауруды үйде мүлдем емдеуге болмайтынын біле жүріңіз.
Инфекцияларды уақытында емдеп отыру, аурулардан сақтанудың бірден-бір жолы. Сондықтан, әрбір ата-ана баласының денсаулығын мұқият қадағалап, түрлі аурулардың пайда болуына жол бермеуге міндетті.