12 қаңтар 2018 жыл

12 қаңтар –Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

12 қаңтар –Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Бүгін - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеге келген күні. Д. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда  Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Дінмұхамед Ахметұлының әкесі Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыс істеген. Ал, анасы үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
Д. Қонаев 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітіріп, 1931-1936 жылдары Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға түседі. Оны ойдағыдай аяқтап, тау-кен инженері мамандығын алып шығады.
Алғашқы еңбек жолын 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінен бастап, оның директоры қызметіне дейін көтерілген. 1955-1960 жылдары аралығында   Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болған. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. Белгілі қоғам қайраткері Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірген. Бүгінде жас ұрпақ бұл тұлғаны жақсы таниды. Ол кісінің атына берілген  оқу орындары және Астана, Алматы қалаларында көшелердің атауы, қор және мұражай бар.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!