Басты Жаңалықтар Тайвань халықаралық балалар фильмдерінің кинофестиваліне өтініштер қабылдау жалғасуда

Тайвань халықаралық балалар фильмдерінің кинофестиваліне өтініштер қабылдау жалғасуда

Тайвань халықаралық балалар фильмдерінің кинофестиваліне  өтініштер қабылдау жалғасуда

Тайваньдық халықаралық балалар фильмдерінің кинофестиваліне (TICFF/ Taiwan International Children's Film Festival) жұмыстар қабылдау жалғасуда. Шара аясында 12 жасқа дейінгі балаларға арналған үздік туындылар анықталады.

Биылғы фестиваль мынадай аталымдар бойынша өтеді: «Үздік фильм», «Үздік қысқа метражды фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Үздік телевизиялық хабар».  Сондай-ақ, Тайваньдағы  балалар киностудиялары арасында үздікті анықтау мақсатында «Тайвань Award» ұйымдастырылмақ.

Әр аталым  жеңімпазына  4 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

Сайысқа 2013 жылдың 1 тамызы мен 2015 жылдың 31 қазаны аралығында жарық көрген жұмыстар қабылданады.

Қысқа метражды фильмдердің ұзақтығы - 10-30 минут, фильмдердің ұзақтығы - 31-95 минут, телевизиялық хабар  ұзақтығы - 10-95 минут, ал анимациялық фильмдер  ұзақтығы 1-95 минут болу керек.

Айта кетейік, өтініштер 31 қазанға дейін қабылданады. 

Бөлісу