Павлодарлық оқушылар Жапонияда өткен халықаралық сурет байқауында жеңімпаз атанды
Павлодар қаласындағы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Жапонияның Канагава қаласында өткен XVIII халықаралық сурет байқауында лауреат атанды.
«Биыл Қазақстаннан қатысқан 249 жеткіншектің сегізі жеңімпаз атанған. Олардың үшеуі – Павлодар қаласы мектебінің оқушылары», - деді облыстық білім беру басқармасының маманы Балжан Әділханова.
Алина Гибадулина «Түнгі қала» атты суреті үшін бірінші дәрежелі дипломмен, Азиза Иманқұлова «Шығыс ертегілері» суретімен екінші дәрежелі дипломмен және Асан Қайса «Достардың түнгі қаладағы кездесуі» атты суреті үшін үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жас өрендерді сурет өнеріне баулып жүрген жетекшілері - Анжела Бамбуляк, Сәуле Пернебаева, Раиса Степанко.
pavlodarnews.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02