«Балапан» телеарнасы «Disney» компаниясының «Агент Осо» мультхикаясын ұсынады.
Туынды тәй-тәй басып келе жатқан балақайларға арналған. Мультхикая көрермендерге өз бетінше жүріп-тұруды үйретеді.
«Агент Осо» мультхикаясының әр бөлімі жаттығу мен оқытудан басталады. Басты кейіпкер Осо есімді панда жақын достары – Дотти және Вулфимен бірге дене шынықтырады.
Одан кейін пандаға басшысы түрлі тапсырма береді. Осоға көрермендер «көмектеседі». Егер ол тапсырманы орындаса, екі медаль алады.
Олар – тапсырманы сәтті орындағаны үшін және жаңа әдет үйренгені үшін деп аталады. Осо бір медалін өзіне қалдырып, екіншісін көрермендермен бөліседі.
«Агент Осо» мультхикаясының қазақ тіліндегі нұсқасын жуырда «Балапан» телеарнасынан тамашалай аласыңдар.