Басты Жаңалықтар «Ұлан» мен «Ақ желкеннің» мерейтойына арналған «Біз де бала болғанбыз» атты шара өтеді

«Ұлан» мен «Ақ желкеннің» мерейтойына арналған «Біз де бала болғанбыз» атты шара өтеді

 «Ұлан» мен «Ақ желкеннің» мерейтойына арналған «Біз де бала болғанбыз» атты шара өтеді

Биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ақ желкен» журналының жарыққа шыққанына - 90 жыл, ал «Ұлан» газетіне - 85 жыл толды. Осыған орай  23-24 қазан күндері Алматы қаласында «Біз де бала болғанбыз» атты мерекелік  іс-шара өтеді.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, мектеп директорлары, республиканың түкпір-түкпірінен төл басылымдарына жазып, жанашыр болып жүрген мектеп оқушылары мен студенттер қатысады.

Сондай-ақ, мерейтойды  атап өтуге басылым оқырмандары да шақырылады.

23 қазан күні өтетін мерекелік шара ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында (Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14 үй) ұйымдастырылады. Басталуы сағат 14:30.

Мерейтой аясында өтетін өзге де іс-шаралар:

23 қазан                                                                                                                                                  

11:00 – 13:00 - «Ақ желкен» мен «Ұланның» бұрынғы қызметкерлері Сәкен Сыбанбай мен Есей Жеңісұлының шеберлік сабағы;                                  

14:30 - Салтанатты кеш. Шара аясында қос басылымның жас тілшілері – Мейіржан Жылқыбай, Елдос Тоқтарбай, Думан Смақов және Алпамыс Файзолланың «Ақ желкеннің ұландары» атты кітабының тұсаукесері ұйымдастырылады;

24 қазан                                                                                                                                                     

9:00-10:00 - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика факультеті ұстаздарының дәрісі;

11:00-13:00 - Поэзия кеші;

15:00-17:00 - Фототілшілермен кездесу сағаты;                                                                                                                   

18:00 – Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында демалыс сағаты.

Байланыс телефоны: 8 (727) 394 42 50

 

Айта кетейік, «Ұлан» 1930 жылы 14 наурыз күні «Лениншіл жастың» 5-6 беттерінде «Пионер» деген атаумен жарық көрді. Ал «Ақ желкен» журналының алғашқы саны 1922 жылдың 22 наурызында жарық көрді. Еліміз егемендігін алған сәтке дейін «Пионер» деген атаумен басылды. Қос басылымды әр жылдары Саттар Ерубаев, Сақтаған Бәйішев, Әбілфайыз Ыдырысов, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Уәлихан Қалижанов, Сұлтан Қалиұлы сынды азаматтар басқарды.

 

Бөлісу