15 қыркүйек 2017 жыл

«Балапан жұлдыз» шоу-концерті жас өнерпаздарды дәріптейді

«Балапан жұлдыз» шоу-концерті жас өнерпаздарды дәріптейді

«Балапан» арнасында жексенбі күні сағат 19:00-де «Балапан жұлдыз» шоу-концерті өтеді. Бұл шоудың бұрынғы шоулардан өзгешелігі - концерт түрінде болады. Әр хабар белгілі бір тақырыпқа арналған. 

Концертте 5-13 жас аралығындағы балалар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, жобаға жеке орындаушылар, дуэт, трио, квартет пен топтық ұжымдар қатысады.

Әншілер «вокал», «опера», «эстрада», «дәстүрлі ән өнері» жанрында өнер көрсетсе, бишілер «бал билері», «балет», «заманауи хореография», «спорттық би», «халықтық билер» аталымдары бойынша өнерлерін ортаға салады.

Сонымен қатар, акробатика, цирк өнері сынды ерекше жанрлар да қамтылған.

Шоу-концерттің басты мақсаты – жас қазақстандық өнерпаздарды, яғни Қазақстанның болашақ сахна жұлдыздарын жарыққа шығару. Сондықтан, әр жексенбіде «Балапан» арнасын қосуды ұмытпаңыздар!

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!