Басты Жаңалықтар Ақмейір Әли «Little Miss World 2015» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Ақмейір Әли «Little Miss World 2015» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Ақмейір Әли «Little Miss World 2015» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан атынан «Little Miss World 2015» халықаралық байқауында өнер көрсеткен Ақтау қаласының «Колибри» сән театрының тәрбиеленушісі Ақмейір Әли аталмыш байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

 

Аталмыш байқау ұйымдастырылып келе жатқан 15 жылда Қазақстан өкілдері алғаш рет Гран-приді жеңіп алды. 

«Little Miss World -2015» байқауына биыл Англия, Италия, Венгрия, Украина, Ресей, Грузия, Армения, Непал, Малайзия, Тайланд, Бразилия, АҚШ, Татарстан, Моңғолия, Қытай және Африка мемлекеттерінен - барлығы 18 елден 48 үміткер қатысты.

Қазақстан атынан онда «Колибри» сан театрының тәрбиеленушілері 10 жастағы Ақмейір Әли мен Илона Нагинская қатысты. 

Үміткерлердің өнерлерін байқауда 20 адамнан құралған қазылар алқасының мүшелері бағалады. Ақмейір Әли  989 ұпай жинап, «Әлемнің кішкентай ханшайымы-2015» және «Үздік киім үлгісі» титулдары мен байқаудың Гран-приі «Кішкентай әлем аруы-2015» атағын жеңіп алды.

Ал, Илона Нагинская «Кішкентай ару - 2015» титулын жеңіп алды.  

Lada.kz

Бөлісу