Қазақстанның астанасы Астана қаласы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен салынған.
1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді.
1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.
Қаланың бас жоспарын белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава жасаған.
Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайының авторы – әйгілі сәулетші Норман Фостер.
«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына айналды.
Астана парсы тілінен аударғанда «киелі орын», «босаға» деген мағына береді.
«Думан» ойын-сауық орталығы - әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан жалғыз мұхитарал.
«Ханшатыр» ойын-сауық орталығы шатыр формасындағы ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген. Биіктігі – 150 метр.
«Әзірет Сұлтан» мешіті – Орта Азиядағы ең үлкен мешіттердің бірі. Аумағы 11 гектар.
Елордада орналасқан ұлттық академиялық кітапханада 2,5 миллионнан астам кітап бар.
Қазақстандағы ең үлкен ту Астанада орналасқан. Көлемі – 15х30 метр.
Бас қалада ұзыннан-ұзақ созылып жатқан ғимарат – Министрліктер үйі. Оның ұзындығы 2 шақырымға дейін жетеді.
Сондай-ақ, еліміздегі айтулы шара «Expo-2017» халықаралық көрмесі маусым айынан өтуде.