«Балапан» телеарнасының ұжымы балдырғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады
«Қазмедиа» орталығында «Балапан» телеарнасы фокус тобының кеңес отырысы өтті. Оған 15 бала және олардың ата-аналары қатысты.
Қойылған сұрақтар бойынша анықталғандай, сұранысқа ие бағдарламалар тізімі: «Күлдір-бүлдір», «Ойлан тап!», «Бірге-бір», «Сынақ алаңы», «5/5», «Еріншектер елі». Сонымен қоса, балдырғандар анимациялық фильмдерден гөрі, рөлдерді адамдардың өздері сомдайтын туындылар ұнайтынын жеткізді. Осы орайда «Алдар Көсе», «Томпақ» секілді мультсериалдар көбірек түсірілсе деген пікірлерін білдірді.
Қорытындылай келе, ата-аналар мен бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасына сәттілік тілеп, тек қызықты да, сапалы бағдарламалар күтетіндерін жеткізді. Жиналыс соңында бүлдіршіндерге телеарна атынан кішігірім сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02