Басты Жаңалықтар Балалар шығармашылығы

Балалар шығармашылығы

Балалар шығармашылығы

«Қиял қанатында». Балалар шығармашылығы

Қыс қызығы

Қыс мезгілі қызықты. Көбінде далада жүргенді ұнатамын. Біз қыста сырғанақ тебеміз.  Бірақ анам маған «Суықта көп жүрме» дейді.

Қыстың жапалақтап жауған қары әдемі. Қардан аққала жасағанды ұнатамын.

 

Айқын ӘБДІКӘРІМ

1  сынып оқушысы

 

Аяулы ұстазым

Мен ұстазымды жақсы көремін. Ол оқушылардың білімді, ақылды, тәрбиелі, өнерлі болғанын қалайды.

Әрбір оқушыны өз баласындай жақсы көреді. Ұстазымыз білімнің бастауы - әліппемен таныстырды.

Қазір мен оқимын, жазамын, ойымды еркін жеткізе аламын. Сол үшін аяулы ұстазыма алғыс айтамын.

 

Отан туралы

Менің Отаным - Қазақстан. Әрбір адамның туып-өскен жері - Отаны.

Адамдар Отанын қорғау керек, жақсы көру керек.  Біздің еліміздің Президенті - Н.Ә.Назарбаев.

Астана қаласы - еліміздің бас қаласы. Менің арманым – «Бәйтеректі» көру. Мен әрқашан Отанымды жақсы көремін.

 

Сымбат ЕРБОЛҚЫЗЫ

1  сынып оқушысы

 

Әке

Әкетайым -  ардағым,

Тек өзіңсің бар бағым.

Асқар тауым, қорғаным,

Сен жанымда бол әрдайым!

 

Алтынай ҚАЛДАР

1  сынып оқушысы

 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласы

Бөлісу