«1000 түрлі сұрақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

«1000 түрлі сұрақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Енді көрермендерге хабар жүргізушілері емес, балалардың өздері хабарласатын болады.
Бағдарлама барысында көрермендерге қызықты сұрақтар қойылады. Ал, балалар хабарласып, қойылған сұраққа жауап беруі керек. Дұрыс жауап берген балақай жеңімпаз атанып, бағалы сыйлыққа ие болады.
Сондай-ақ, енді хабарымызға сұрақтарыңды бейнежазба түрінде жіберулеріңе болады. Бейнежазба бағдарламада көрсетіледі. Ал, жүргізушілер міндетті түрде жауап береді.
«Балапанның» instagram.com желісіндегі парақшасында #1000түрлісұрақ хештегі қолданылады.
Тікелей эфир телефоны: 8 (7172) 559 888
E-mail: balapan1000@kaztrk.kz
Ескерту: бейнежазба сапалы болуы керек.
Айта кетейік, «1000 түрлі сұрақ» хабары сенбі, жексенбі күндері сағат 13:00-де тікелей эфирге шығады. Ал, қайталауы сағат 19:00-де