04 сәуір 2017 жыл

Байқау! Сіздің идеяңыз іске асатын күн туды!

Байқау! Сіздің идеяңыз іске асатын күн туды!

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұсынады.

 

Қадірлі дос! Сіздің идеяңыз іске асатын күн туды! Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Балаларға арналған анимациялық фильмге байқау жариялайды.  

Бүлдіршіндеріміз бесіктен ана тілмен ауыздансын десеңіз бізбен бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Ол үшін төмендегі талаптарға сай тың идеяларыңыз бен креативті жобаңызды жолдаңыз.

  • Хронометраж – 8 минут;
  • Серия – 15;
  • Аудитория – 6+
  • Тілі – қазақша
  • Форматы –2, 3 D

Тұжырымдама, пилоттық жоба, синопсис ағымдағы жылдаң 15 сәуіріне дейін (tilortalyk@mail.ru электронды поштасына) қабылданады.

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған еңбектер сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және аудиторияға ұсыну Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының құзіретінде.

 

Сұрақтар бойынша 8(7172) 40 83 67, 8 707 061 61 21 нөміріне хабарласыңыз.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!