Басты Жаңалықтар Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?

Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?

Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?

«Балапанның» ата-анасына

Қазақстандық жас өнертапқыштар жасаған GPS трекердің көмегімен баланы онлайн режимде бақылауда ұстауға болады. Бұл құрылғы - «Мангуст» отбасылық қауіпсіз жүйесі деп аталады.  

«Бұл кішкентай құрылғының көмегімен балаңыздың қай жерде екенін анықтай аласыз. Ол өте берік әрі судың астында да жұмыс істейді. Бұл жоба ғылыми-зерттеу кезеңдерінен өтті. Әлемнің кез келген нүктесінен сигналды қабылдайды. Ұялы телефонның қосымшасынан мәліметтерді ала аласыз», - дейді өнертапқыш Евгений Щербатов.

«Technation»  байқауында бұл құрылғы  7 үздік жобаның қатарына қосылды. Басқа жобалардан ерекшелігі – спутниктік жүйеден тәуелсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылғының қуаты 20 күнге дейін жетеді.

«Мангуст» жобасы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

ФОТО: voxpopuli.kz

Бөлісу