Басты Жаңалықтар Астаналық оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері туралы сабақ өткізілді

Астаналық оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері туралы сабақ өткізілді

Астаналық оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері туралы сабақ өткізілді

Астана қаласының №61 және №36 мектептерінде «Локомотив» - «Астана локомотив жөндеу депосы» АҚ филиалының өкілдері «Теміржол – жоғары қауіпсіздік аймағы» тақырыбында сабақ жүргізді.

Аталмыш мектептерде профилактикалық сабақ теміржолға жақын орналасқандықтан өткізілді.

Шара барысында  оқушыларға теміржол бойы қауіпті аймақ екені, теміржолды тек арнайы белгіленген жерлерден өту керектігі, теміржол нысандарын тиісті емес орындардан кесіп өтуге болмайтыны түсіндірілді. Сондай-ақ, вагондардың маңынан жүруге болмайтыны, рельстерде тұруға және отыруға тыйым салынғаны айтылды.

Акция соңында балаларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері туралы буклеттер үлестірілді.

Шара мақсаты – теміржол нысандарында, теміржол қиылыстары мен өтпелерінде бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

astana.gov.kz

Бөлісу