27 қыркүйек 2024 жыл

🎊 «Balapan» 14 жасқа толды 🎊

🎊 «Balapan» 14 жасқа толды 🎊

📺 Атаулы күнге орай бүгін «Balapan» тееларнасынан 14:00-ден 16:30-ға дейін «Туған күніңмен, Balapan!» атты мерекелік тікелей эфир ұсынылады.

😍 Эфир кезінде «Кім тапқыр?» бағдарламасының және «Ағылшын әліппесі» атты жаңа жобаның жүргізушілері таныстырылады, ал студияға телехикаялардың басты кейіпкерлері мен «Дара бала» жобасының қатысушылары қонақ болып келеді.

🤗 Жаңа телевизиялық маусымда «Balapan» телеарнасы кішкентай көрермен назарына 20 жаңа жоба ұсынады. «Дара бала», «Ойзерек», «Бізбен биле!», «Ағылшын әліппесі», «Көңілді асхана», «Еркем-ай», «Кішкентай зерттеушілер», «Менің мекенім», «Қайырлы түн, балапан!» сияқты бағдарламалар бүлдіршіндердің дүниетанымы мен ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады.

🥳 Сондай-ақ күзгі маусымда арна түсірген «Біл, бала!», «Көжектер», «111», «Жігерлі достар», «Мойнақ», «Ақылды тентектер», «Шоқан», «Мақтақыз», «Негетай» және «Гипер бала» анимациялық мультхикаялары эфирге шығады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!