Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт «жыл» деп аталады. Жыл 12 айға бөлінеді. Жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу ежелгі кезден басталған. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар.
12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.