23 қыркүйек 2024 жыл

🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 14 жыл толады 🎊

🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 14 жыл толады 🎊

📺 Айтулы күнге орай «Balapan» телеарнасы 27 қыркүйек сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін «Туған күніңмен, Balapan!» атты тікелей эфир өткізеді.

🤩 Мерекелік шара барысында студияға «Эфирде Аека», «Гипер бала», «Супер Дос», «Күлдір-бүлдір», «Вундеркинд» телехикаяларының басты кейіпкерлері мен «Дара бала» жобасының қатысушылары, «Ағылшын әліппесі» атты жаңа жобаның жүргізушілері, би ансамбльдері мен цирк әртістері қонақ болып келеді. Сондай-ақ «Кім тапқыр?» бағдарламасының жаңа жүргізушілері таныстырылады.

🎁 Тікелей эфирге телефон соғып, «Balapan»-ды ерекше, креативті (өлең шығару, әдемі тілек айту) құттықтаған белсенді көрерменге сыйлықтар үлестіріледі.

🎂 Достар, «Balapan» телеарнасын құттықтауға дайындалыңыздар!

☎️ Тікелей эфир нөмірі: 8 (727)2 75 70 00/8 (727) 2 75 70 01

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!