20 тамыз 2024 жыл

📣 «Balapan» телеарнасы 2025 жылға арналған анимациялық жобаларға байқау жариялайды

📣 «Balapan» телеарнасы 2025 жылға арналған анимациялық жобаларға байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында 2025 жылға арналған анимациялық жобаларға питчинг жариялайды.

🎞 Жобалардың жанрлық бағыты:

- Оқу-танымдық анимациялық сериалдар. 0-8 жас аралығындағы балаларға арналған танымдық тақырыптар, яғни, қоршаған ортаны тану, айналаны зерттеу, күнделікті тұрмыста кездесетін ұғымдар мен заттарды білу, тұлғалық даму және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, кітап оқуға баулуға бағытталған жобалар;

- Шытырман оқиғалы анимациялық сериалдар;

- Бүгінгі күннің батырлары туралы мультхикаялар. Супер қаһармандар, айналасына көмек көрсететін қарапайым кейіпкерлер, балаларды жанашырлыққа, батырлыққа, ерлікке дәріптейтін оқиғалар;

- Жан-жануарлар мен қиял-ғажайып әлеміне құрылған анимациялық сериалдар;

- Экологияны қорғау, табиғат құбылыстары тақырыбындағы анимациялық сериалдар;

- Спорт тақырыбындағы (велоспорт, теннис, футбол, күрес) анимациялық сериалдар. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу және қызығушылығын арттыруға бағытталған жобаларға ұсыныстар қабылданады;

📩 Өтінімдер қабылдау 2024 жылдың 20 тамызынан 30 қыркүйекке дейін korkemdikkenes@balapan.tv электронды поштасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!