Қазақтың Мағжаны
Қызылжар өңірінде Сасықсу маңында саудагерлер отбасында Әбілмағжан деген бала өмірге келді.
Атасы Жұмабай қажы оны Мағжан деп еркелетіп, ауылдағы зиялы молдаларға оқытады.
Білімін жетілдірген Мағжан Науаи, Сағди сияқты Шығыс ақындарының шығармаларымен сусындайды.
Бұдан кейін ол Қарқаралы училищесінде білім алды.
Алайда Мағжанның білім жолында қиындық пайда болады. Болыстық жолға түспей, өзін жетілдіруге ұмтылған Мағжанды әкесі қаржылық қолдаудан бас тартады. Өз көзқарасынан айнымаған Мағжан Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітіріп, небәрі 19 жасында «Шолпан» өлеңдер жинағын жарыққа шығарады.
Мағжан қазақ даласында болып жатқан саяси жағдайларға белсене араласып, «Шолпан», «Сана», «Ақмола туы», «Қазақ» газет-журналдарында қызмет атқарады.
Мұғалімдерге және шәкірттерге бастауыш сыныпта ана тілін оқытуға арналған кітап шығарады.
Кейін Мәскеудің көркем әдебиет институтын оқып бітіреді.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлымен қарым-қатынас орнатады.Осы себепті оның өлеңдерін оқуға тыйым салынады.
Оның шығармашылық одақ құрсам деген арманы аяққа тапталып, жасырын ұйым құрмақ болды деген айыппен Мәскеу түрмесіне қамалады.
Орыс қайраткері Пешкованың араласуымен ол мерзімінен бұрын босатылады. Алайда, бір жыл өтер-өтпестен оның кітаптары өртеліп, «Халық жауы» атанады.
Ұлт қайраткері Мағжан Жұмабаев ел есінен ешқашан өшпейді.